Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалаға су сеуіп жүр ме, у сеуіп жүр ме?

08.04.2020, 13:10 855

HALYQLINE.KZ –|  Дүние дидарын шарпыған коронавирус инфекциясымен күрес күшейді.

Қызылорда қаласында инфекция таралуының алдын алу мақсатында №66597 әскери бөлім қызметкерлері және арнайы мекемелер арқылы бекітілген кестеде жұмыс істеуде. Бүгінге дейін жалпы көлемі 356 мың шаршы метр болатын 171 аумақты залалсыздандыру жүргізілген. Осы ретте айта кетейік, көпшілік арасында «залалсыздандыруға құр су сеуіп жатыр» деген әңгіме жүр. Дегенмен, жергілікті билік мұны жоққа шығарды. Жауаптылардың сөзіне сенсек, көшені залалсыздандыруға гипохлорит кальций ерітіндісін, ал көпқабатты үйлердің подъезіне диохлорит сұйықтығын пайдалануда.

Бірінші кезекте қаланың орталығына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген еді. Бұл жұмыс бүгін қаланың шет аймақтарында жалғасын тауып жатыр. Негізі, қаланың орталығы не шеті деп бөлінбейді, қала толығымен дезинфекцияланады. Көшелерді залалсыздандыруға барлық құралдар жеткілікті, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомоблиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Біржан Далабаев.

Әкімдік өкілі дезинфекциялық жұмыстары қаланың барлық аумағында жүргізілетінін айтты.

Суреттерді түсірген автор

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: