Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада бір уақытта, бірдей бағада әлеуметтік жәрмеңке өтеді

01.03.2024, 10:40 584

Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда 2 наурыз күні сағат 10:00-ден бастап бір мезетте, бір уақытта, бірдей бағада азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткізілетін «Әлеуметтік керуен» жәрмеңкесінде тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік өнімдері төмен бағада халыққа ұсынылады.

Атап айтқанда, картоп 110, сәбіз 100, пияз 50, қырыққабат 115 теңгеден, күріш 400, ұн 135, сиыр етінің келісін 2000 теңгеден сатып алуға болады.

Айта кетейік, ертеңгі жәрмеңке Қызылорда қаласында Тасбөгет кенті мен Титов қыстағында өткізілсе, аудандардағы жәрмеңке орталық алаңдарда ұйымдастырылады. Облыста алғаш рет кең көлемде өткелі жатқан «Әлеуметтік керуен» жәрмеңкесіне жалпы көлемі 160 тоннаны құрайтын өнім ұсынылмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: