Халықаралық Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында «Газель» автокөлігі жанып кетті. Оқиға 4 шілде күні сағат 18:03-де Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Оқшы ата тұсында болған. Оқиға орнына 16 өрт сөндіру бекетінен 4 қызметкер 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Барлау жұмыстарын жүргізу барысында Шиелі ауданы Оқшы ата мазараты тұсында Шиелі кентінен Қызылорда қаласына бағыт алған ақ түсті “Газель” маркалы жүк автокөлігі толығымен жанғандығы анықталды. Өрт сағат 18: 33 де ауыздықталды. Оқиға салдарынан күйік алғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!