Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 7 мал қорымы салынады

10.07.2020, 15:50 906

HALYQLINE.KZ Бүгінде 83 типтік жобадағы мал қорымы бар болса, биыл типтік жоба бойынша Аралда – 5, Жалағашта 2 мал қорымы салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов мәлімдеді.

«Қазіргі таңда қажетті 96,9 мың бас мүйізді ірі қара, 236,8 мың бас уақ мал, 9,3 мың бас түйе, 1,1 мың бас шошқаның құлақ жапсырмаларына тапсырыс берілді, 6 айда «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша барлығы 22738 ветеринариялық анықтамалар рәсімделіп, мемлекеттік қызмет көрсетілді», – деді Ерсұлтан Амантайұлы.

Сондай-ақ, әртүрлі жұқпалы және паразитарлық аурулардың алдын алу мақсатында қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жою жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Осы жылы, 54,0 млн теңге бөлініп, қазіргі күні 10194 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланып, жойылды.

Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруға республикалық бюджет есебінен қаралған 5552,4 мың доза ветеринариялық препараттың 5524,6 мың дозасы немесе 99,5% уақытылы тасымалданып жеткізілді. Бекітілген жоспарға сәйкес 6 айлық алдын ала егу жұмыстары толық орындалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: