HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ахуалға байланысты 2022 жылдың 5-19 қаңтар күндері аралығында Қазақстанның бүкіл аумағында Төтенше жағдай режимі жарияланды. Жарияланған №736 бұйрығына сәйкес Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрам қызметкерлері қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Республика көлемінде енгізілген коменданттық уақыт кезінде, яғни түнгі сағат 23:00 мен таңғы сағат 07:00 арасында мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзып, тұрғылықты мекенжайдан тыс жерде жүрген Қызылорда қаласының 47 азаматы анықталды.
Аталған жайттарға байланысты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы Кодексінің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!