Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 400-ден аса өрт оқиғасы тіркелген

23.09.2020, 11:40 576

HALYQLINE.KZ Облыстық ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Руслан Қайрақбаев БАҚ өкілдеріне арналған брифингке қатысты. Жиын барысында бірқатар тақырыптарға тоқталып, маңызды мәліметтерімен бөлісті.

2020 жылдың 15 тамызынан бастап, жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің қызметкерлері, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлері және «Волонтеры Кызылорда» қоғамдық қорының волонтерларымен бірлесіп, Департамент қызметкерлері халық арасында тұрмыстағы электр және жылыту қондырғыларын, жылыту пештерін қолдану, мұржаларын тазарту жөнінде үнпарақтар таратып, үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен 2 592 отбасының (2019 жылы – 1528 отбасы) тізімі алынған.

2019 жылы жергілікті бюджет есебінен 5 млн 480 мың 664 теңгеге 3838 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алынған болатын. 2019-2020 жылдары жылу беру маусымы кезінен қалған 1 250 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктерді аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын үйлерге жылу беру маусымы алдында орнату жұмыстары жүргізілуде.

Адам өмірі мен денсаулығын, меншікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау мақсатында облыс тұрғындары арасында үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жандандырылып, жүйелі түрде өз жалғасын табуда, – деді Руслан Қайрақбаев.

Департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлескен профилактикалық іс-шаралар жұмыстарын жалғастыру мақсатында, аз қамтылған және көпбалалы отбасылары тұратын 2 592 тұрғын үй араланып 10 368 адамға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қысқа дайындық ретінде мұржаларды тазарту жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылғы 15 тамыздан бастап Департаменттің құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлерімен 15 709 тұрғын үйдің 68 075 тұрғынына үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жұмыстары жүргізілген.

Үгіттеу-түсіндіру жұмыстары кезінде 402 тұрғын үйде иелері болмаған.

Тұрғын секторда 30 жиын өткізіліп 597 тұрғын қамтылды.

Ұйым қызметкерлеріне 22 рет нұсқаулық жүргізіліп 286 адам қамтылды.

Жүргізіліп жатқан барлық профилактикалық жұмыстарға қарамастан 2020 жылдың 21 қыркүйегіне облыс бойынша 407 өрт оқиғасы болып (2019 жылы – 393 өрт), 3,5% көбейді.

Материалдық шығын 18 млн 053 мың 000 теңгені құрады (2019 жылы 39 млн 308 мың 000 теңге) – 54,1% азайған.

407 өрт оқиғасын саралағанда:

1) Объектілерде – 33 өрт, шығын – жоқ (2019 ж – 26 өрт, шығын – 15 475 000 теңге) (Қызылорда қаласында – 17, Арал ауданында – 3, Қазалы ауданында – 1, Қармақшы ауданына – 2, Жалағаш ауданында – 0, Сырдария ауданында – 4, Шиелі ауданында – 3 және Жаңақорған ауданында – 3);

2) Тұрғын үй секторында – 251 өрт, шығын – 7 710 000 теңге, (2019 ж – 245 өрт, шығын 9898 000 теңге). (Қызылорда қаласында – 113, Арал ауданында – 11, Қазалы ауданында – 16, Қармақшы ауданында – 22, Жалағаш ауданында – 17, Сырдария ауданында – 23, Шиелі ауданында 16 және Жаңақорған ауданында – 33);

3) Автокөліктерде – 80 өрт, шығын – 1 300 000 теңге (2019 ж – 75 өрт, шығын 13395 000 теңге), (Қызылорда қаласында – 40, Арал ауданында – 5, Қазалы ауданында – 6, Қармақшы ауданында – 6, Жалағаш ауданында – 5, Сырдария ауданында – 2, Шиелі ауданында – 10 және Жаңақорған ауданында – 6);

4) Дала және орман өрті – 38 өрт, шығын – 9 043 000 теңге(2019 ж –4 өрт, шығын жоқ)(Қызылорда қаласында – 5, Арал ауданында – 0, Қазалы ауданында – 18, Қармақшы ауданында – 1, Жалағаш ауданында – 5, Сырдария ауданында – 2, Шиелі ауданында – 5 және Жаңақорған ауданында – 2);

5) Басқа да өрт – 5 өрт, шығын жоқ (2019 ж – 5 өрт, шығын жоқ )

363 өрттің болған жерлері бойынша пайыздық мөлшері төмендегі жағдайды құрайды, атап айтқанда:

1) Тұрғын үй секторы бойынша – 60,6 %;

2) Автокөліктер бойынша – 19,5 %;

3) Нысандар бойынша – 7,9 %;

4) Дала және орман бойынша – 10,5 %;

5) Басқа да өрттер бойынша – 1,4 %.

Жарақат алғандар саны 8 адам (2019 жыл – 13 адам) (Қызылорда қ.– 3, Сырдария – 2, Жаңақорған – 3).

Өрт оқиғасынан 4 (2019 жыл – 5 адам, оның ішінде 3 бала) (Қызылорда қ. – 3 адам, Шиелі – 1) адам қаза болды. Тұрғын үй секторында – 3 адам, автокөлікте – 1 адам.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: