HALYQLINE.KZ Қызылорданың қалалық жағажайында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Оқиға 25 шілдеде сағат 16:24 шамасында болған.
Қалалық жағажайда суға түсіп жүрген жасөспірім суға батып кеткен.
– Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түсті. Онда жағажайда суға жүзіп жүрген баланың суға кеткені анықталды. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан 1 техника мен 6 құтқарушы барды. Жасақ қызметкерлері жасөспірімді батқан жерінен тапты. Баланың қаладағы мектептің бірінде тоғызыншы сынып бітіргені анықталды, – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Айта кетсек, биыл Қызылорда облысында 23 адам суға кетіп қаза болды. Оның 8-і – бала. 2021 жылы облыстың су айдындарында 37 адам көз жұмса, 21-і – кәмелеттік жасқа толмағандар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!