Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында түйе батпаққа батып қалған

25.03.2025, 9:11 96

Қызылорда облысында батпаққа батқан түйеге көмек көрсетілді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Арал ауданының тұрғындары құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Алтықұдық ауылынан 15 шақырым жерде түйе батпаққа батып, орнынан тұра алмаған.

“ТЖМ құтқарушылары жергілікті тұрғындармен бірлесіп оны батпақтан шығарып, 600 метр қашықтықта құтқару арқанының көмегімен тазартылған учаскеге сүйреп шығарды. Түйе иесіне тапсырылды”,- делінген мәліметте.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: