HALYQLINE.KZ Қызылорда облысынан статистикаға сәйкес 2022 жылдың 1 мамырына 13,8 млн долларды құрайтын 29,6 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы, қамыс) экспортталды. Өнімдер әлемнің 19 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 91,9 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы – күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.Облым әкімдігінің хабарламасына сәйкес есепті кезеңге 27,2 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 94,7 пайызды құраған.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Әзербайжан, Польша, Грузия, Литва, Германия, Чехия және Австрия мемлекеттеріне 1060,4 тонна балық, Германия, Дания және Нидерланды мемлекеттеріне 1 155,3 тонна қамыс және Ресейге мен Өзбекстанға 155,0 тонна бидай қалдығы жөнелтілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!