Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында есептегі тұлғалар жәрмеңкеден жұмыс тапты

30.09.2025, 15:35 146

Қызылорда облысының Қазалы ауданында пробация есебінде тұрған азаматтар бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.

Аудандық Мансап орталығы ұйымдастырған жәрмеңкеге жұмыс іздеушілермен қатар пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар да қатысты. Нәтижесінде екі сотталған жол құрылысы саласына жұмысшы ретінде жолдама алды.

– Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, жол құрылысына жұмысшы ретінде жолдама алдым. Жұмыс табу да оңай емес. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік алғаныма қуаныштымын, – деді пробация есебіндегі азамат.

Қазіргі таңда Қазалы аудандық пробация қызметінің есебінде 70-тен астам адам тұр. Оларды қоғамға бейімдеу, еңбекпен қамту және қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында осындай шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Фото: ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: