HALYQLINE.KZ Бүгінгі күні табиғи газды облыс халқының 67 пайызы тұтынады. Биыл ауылдық елді мекендерді газдандыру бойынша 13 жобаны іске асыру басталды, оның 7-еуі осы жылы аяқталады. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихаттың кезекті 17-ші сессиясында осылай деп мәлімдеді.
Нәтижесінде, 15 мыңнан астам халқы бар 8 елді мекен (Ақмая, Алғабас, Пірімов, Басықара, Жалантөс батыр, Бірлік, Қыраш, Қазалы қаласы) табиғи газға қол жеткізеді. Осылайша, газ тұтынатын халық санының үлесі 68 пайызға жетеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!