ТЖМ құтқарушылары 34 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.
112 пультіне Қызылорда облысы Арал ауданы аумағындағы «Қарабұтак–Қызылорда–Шымкент» автожолының 73-шақырымында шетел азаматтары мінген автобус сынып қалғаны жөнінде хабарлама түскен.
«Автобустың ішінде 34 адам болған. Жолаушылар Ресей Федерациясынан Сарыағаш қаласына бет алған», — делінген ведомство таратқан хабарламада.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары шұғыл жетіп, барлық 34 адамды Арал қаласына жақын орналасқан жылыту пунктіне эвакуациялады.
Фото: ТЖМ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!