Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында 116 сотталғанға электронды білезік тағылды

19.09.2024, 17:20 179

Қызылорда облысында пробация есебінде тұрған сотталғандарды бақылауды күшейту үшін жаңа технологиялар белсенді түрде енгізіліп жатыр. Пробация қызметінің қадағалауында тұрған шамамен мың адамның ішінен 116 сотталғанға электронды білезік тағылған. Бұл құрылғылар олардың қозғалысын бақылап ғана қоймай, қайта құқықбұзушылықтарды болдырмауға көмектеседі.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету тобының аға инспекторы Сабигүл Тілеуованың айтуынша, электронды білезіктер пробация шарттарын бұзуға бейім сотталғандарға тағылып отыр. Бұл құрылғылар олардың тұрғылықты жерінен шықпай, жаңа құқықбұзушылықтарға бармауын қамтамасыз етеді. Жүйе қарапайым әрі тиімді жұмыс істейді: пробация инспекторлары арнайы бағдарлама арқылы әрбір сотталғанды нақты уақытта бақылап отырады. Егер шарттарды бұзу немесе білезікті алып тастау әрекеті байқалса, бірден дабыл белгісі қосылып, қызметкерлерді хабарландырады. Бұл шаралар Қызылорда облысында сотталғандарды бақылауды күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инновациялық технологияларды қолдануда маңызды қадамға айналды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: