Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облыстық прокуратурасында «Ашық есік күні» өтті

23.11.2023, 15:20 194

Қызылорда облыстық прокуратурасында студенттерге арналған «Ашық есік күні» өтті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құқықтану кафедрасының 3-4 курс студенттерін прокуратура органының құрметті ардагері, қазіргі таңда осы университеттің құқықтану кафедрасының «Прокурорлық қадағалау» пәнінің оқытушысы Ш.Дарбаев бастап келді.

Прокуратура ғимаратына алғаш рет келген студенттер құзырлы органның қызметімен танысып, мұражайын аралап, естелік фото суретке түсті.

Студенттермен кездесуде облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры М.Әлиева мұражайдағы барлық жәдігерлерге арнайы тоқтап, барлығын жан-жақты түсіндіріп, көрсетті.

Прокуратура мұражайының ашылуына 2013 жылы облыс прокуроры болған С.Нұрпейісовтың атқарған еңбегі зор.

Сол уақытта Республиканың тұнғыш дербес прокуроры Сүлеймен Есқараевтың 115 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған іс шаралар өтті.

Облыстық прокуратура ғимаратында С.Есқараевқа арналған ескерткіш-бюст орнатылды, мұражай ашылды. «Сүлеймен Есқараев: Тәуелсіз Қазақстан прокуратурасының қалыптасуы мен дамуы» атты ғылыми-танымдық үлкен конференция өтті.

С.Есқараевтың өміржолына арналған «Тарланбоз» кітабының және «Сүлеймен Есқараев» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді.

Студенттерге осының барлығы мұқият түсіндірілді.

Мұражайда Қызылорда облысы прокуроры қызметін атқарған тұлғалардың фотосын көрсете отырып, олардың атқарған кезеңдегі жұмыстарына, сақтауда тұрған ұлы тұлғалардың құнды заттарына, фото, бейне жазбалары да көрсетілді.

Сонымен қатар, прокуратура органдарына жұмысқа қабылданатын үміткерлер үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің тәртібі, атқаратын қызметтің жалпы функционалдық міндеттері, қажетті құжаттарды тапсыру жайы түсіндірілді.

Облыстық прокуратурамен ұйымдастырылған «Ашық есік күні» шарасына 50-ге жуық студент қатысты және олар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.

Қызылорда облыстық прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: