Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Карантин талаптары өзгерді

28.09.2021, 10:00 368

HALYQLINE.KZ Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Өңірлер бойынша Қызылорда облысы «жасыл аймаққа» енді. Жалпы індеттен айығып шыққандар 94 пайызды құрайды. Сонымен қатар, кешегі күннен бастап мерекелік іс-шаралар мен жиын-той өткізуге рұқсат берілді. Дегенмен, арнайы талаптарға сәйкес «қызыл аймақта» тұрған өңірлерге – 50 адам, «сары аймаққа» – 70, ал «жасыл аймақтағылар» 100 адамға дейін қамтылу керек. Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов мәлімдеді.

«Елімізде пандемия басталғалы алғаш рет той өткізуге рұқсат берілді. Осыған байланысты бүгіннен бастап «Ashyq» бағдарламасы бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, қалаға қарасты Тасбөгет кентінің тұрғыны індетке қарсы вакцинаның 1 компонентін алып, екпе алғандар арасындағы 300 мыңыншы тұрғын ретінде тіркелді. Қазіргі таңда вакцинаның І дозасын алғандар саны – 301 959, ІІ компонентін – 252 722 адам алды. Облыс бойынша инфекциялық стационарда – 346 науқас ем алуда. Сонымен қатар, бүгінен бастап екпенің І компонентін алған адамдарға 21 күн аралығында «жасыл» статусы берілетін болады», – деді Жангелді Мырзагелдіұлы.

Айта кетейік, өткен тәулікте аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырудың 26 жағдайы тіркелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: