Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда халқының қанша пайызын балалар құрайды?

02.02.2023, 9:45 176

HALYQLINE.KZ Бұл туралы Қызылорда облысы білім беру қызметкерлері мен ата-аналарының «Отбасы – тәрбие бесігі» атты бірлескен кеңесінде Балалар құқығы мәселелері бойынша өңірлік уәкіл Жапырақ Ұзақбаева мәлімдеді.

“Сыр өңірінде халық саны 832 488 болса, оның 326 373 немесе 39%-і бала” – деді ол. Сонымен қатар, 24 315 бала көпбалалы, 30 994 аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатыр. 6711 баланың мүмкіндігі шектеулі, 797-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. “Республикалық статистикаға сүйенсек, жыл сайын облыста 5000-ға жуық отбасы құрылады, 2000 –ға жуығы ажырасады.Толық емес отбасында 16 636 бала тәрбиеленеді” – деді Ж.Ұзақбаева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: