HALYQLINE.KZ 2021 жылғы 30 маусымда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті есептерді қарау нәтижесі бойынша, тауарлық газды газ таратушы құбырлар арқылы тасымалдау қызметіне 2021 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілуімен 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 3 320,45 теңге мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекіткен болатын. Бұған дейін 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 9 083,51 теңге мөлшерінде болды.
Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалы ТМРК-ның Қызылорда облысы бойынша департаментінің әрекеттерімен келіспей, аталған бұйрықты заңсыз деп тану туралы сотқа шағымданды.
Нәтижесінде, сот шешімімен Қызылорда облысы бойынша ТМРКД бұйрығы заңды деп танылды.Қызылорда облысы тұтынушыларының құқықтарын қорғау мақсатында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жергілікті филиалының жалпы сомасы 1,4 млрд. теңге негізсіз табылған кірісі тұтынушылардың барлық топтары үшін тарифті 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 16492,52 теңгеден 13043,49 теңгеге дейін уақытша төмендету арқылы қайтарылатын болады.Шамамен 21%-ға төмендетілген тариф 2022 жылғы 1 тамыздан бастап бір жыл мерзімге енгізіледі.Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, тұтынушылар өздерінің құқықтарын қорғау мақсатында Комитетке және оның аумақтық департаменттеріне жүгіне алады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!