HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында биыл 6 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Оның 4-еуі – мемлекеттік, 2-еуі жекеменшік болып отыр. Олардың 3-еуі жаңа оқу жылында өз жұмысын басатаса, 3-еуінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Жаңа оқу жылында Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп ел игілігіне беріледі. Қалған 2-еуі – жеке білім ошағы.
Айта кетейік, алдағы оқу жылында аймақта 173 796 оқушы білім алады. Оның ішінде 1-сыныпқа қабылданған бала саны – 17 746. 1 қыркүйекте мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге «Әліппе» салтанатты түрде табысталады. 1-сынып оқушыларының оқулықтары толығымен жаңартылған. Республикалық бюджеттен бөлінген 1,1 млрд теңгеге жаңа оқулықтар алынып, бүгінде барлық оқушыларға түгелімен таратылды. Мектеп формасына қойылар талап та қатаң болмайды. Білім алушылар үшін мектеп формасымен қатар классикалық үлгідегі киімдерді киюге рұқсат етіледі.
«Облыс бойынша 12 940 балаға тегін мектеп формасы, аяқ киім және оқуға қажетті құрал-жабдықтар берілмек. Ол үшін арнайы 5 категория түзіліп, жәрдемді қажет ететін отбасылар тізімі жасақталды. Осы тізімге енген әрбір ата-ана басқарма тарапынан келісілген тігін шеберханаларына барып, балаларын киіндіре алады. Айта кету керек, ата-аналардың есепшотына ешқандай қаржы аударылмайды. Заң аясында төтенше жағдай салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасыларға ғана ақшалай көмек беріледі», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!