Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 400 шақырымға жуық автомобиль жолы жөнделеді

20.05.2021, 16:30 716

HALYQLINE.KZ  Биыл 397 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Жалпы, ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар 36 автокөлік жолдары пайдалануға беріледі. Оның 3-уі – көпір өткелі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында блыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының орынбасар Қайрат Әбсұлтанов баяндады.

– Ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың индикаторлық көрсеткішінің үлесі 75 пайызға жеткізу жоспарланған. 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы бойынша 21 дана көпір өткелі жөндеуден өтеді. Оның 18-і – автомобиль көпірі, 1-еуі қалқымалы (Хан) және 2-еуі – теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының орынбасар Қайрат Әбсұлтанов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: