Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қыс-2023» РКШ оқу-жаттығуы Қызылорда облысында өткізілді

24.11.2023, 10:20 277

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын 2023 жылғы 23 қарашада қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға даярлау мақсатында «Қыс-2023»
Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Қызылорда қаласында өткізілді.

Оқу-жаттығу тақырыбы: «Қысқы кезеңдегі жағдайларда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау».

Күрделі метрологиялық жағдай туралы жергілікті уақытпен 7:00-де «Дабыл-1001» сигналы түсті. Қатты жел мен ауа температурасының бірден төмендеуі тіршілікпен қамтамасыз ету нысандары жұмысының бұзылуына әкеп соқты, азаматтар республикалық маңызы бар және жергілікті жердегі жолдарда да қиын жағдайға тап болды. Қызылорда облысындағы «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы осындай шартпен басталды. Осыған орай өңірде облыстық және қалалық штаб құрылды.

2023 жылғы 23 қарашада Сол жағалау шағын ауданында жедел ден қою жасағының саптық қарауы өткізілді. Қызылорда облысы ТЖД бастығы полковник Руслан Қайрақбаев, облыс әкімі аппаратының басшысының орынбасары Ерлан Бәкіров, ТЖМ Өнерәкісптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Жанмұрат Балғабаев жеке құрамның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, киім-кешекпен жабдықталуын және жауынгерлік дайындығын тексерді. Осы саптық қарауға 146 жеке құрам, 39 бірлік техника қатыстырылды.

Оқу-жаттығу аясында тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайды жою жөніндегі іс-әрекеттерді меңгеру бойынша арнайы – тактикалық жаттығулар өткізілді. Оқу-жаттығулардың барысында басқару органдары ретке келтіріліп, олардың жылдамдығы жетілдірілді, азаматтық қорғау органдарына жүктелген маңызды да жауапты міндеттерді орындауда жедел-құтқару қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру жұмысы пысықталды.

«Қызылорда жылуэлектрорталығы» МКК газ турбиналық стансасында «апат» орын алып, стансада қалған бірнеше адамдарды құтқару жұмысы жүргізілді. Арнайы-тактикалық жаттығуға Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда филиалы, Ұлттық Ұлан, Полиция департаментінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еріктілер, қаланың авариялық-құтқару қызметтерінің жұмысшылары жұмылдырылды.

Оқу-жаттығуды өткізудегі мақсат – кез келген қиын жағдайда міндеттерді орындау кезінде күштер мен құралдарды үздіксіз басқаруда білім мен әдісті, шеберлікті жетілдіру. Оқу-жаттығу барысында кәсіпорын қызметкерлері мен өзара іс-қимыл жасайтын органдардың іс-әрекеті бойынша тәжірибелік тапсырма пысықталды, орын алған жағдай мен басқа да өзгерістер туралы құлақтандыруға, жаттығу кезінде үздіксіз байланыстың болуына және өзара әрекеттестікті ұйымдастыруға баса мән берілді. Аталмыш оқу-жаттығуға 17 техника мен 92 адам қатыстырылды.

Сонымен бірге үздіксіз қар жаууы салдарынан жолда қалған, зардап шеккен азаматтарды эвакуациялау және ыстық тағаммен қамтамасыз ету жұмыстары №6, 10 орта мектептерде жүргізілді. Аталмыш оқу-жаттығулар барлық аудандарда да ұйымдастырылды. Жалпы облыс бойынша оқу-жаттығуға барлығы 1184 жеке құрам
адамы және 367 бірлік техника қатыстырылды.

Іс-шара кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Бекболат Әбдіқадыров және Қызылорда облысы ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы подполковник Жандос Досымов «Қыс-2023» РҚШОЖ оқу-жаттығуының өткізілу туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Іс-шараны қорытындылау кезінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы жаттығуға қатысушылардың жұмысына оң баға берді.

«Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштері қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайын», – деген қорытынды жасалды.

Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: