Бала кезімнен бірге өскен досым (қазіргі уақытта Астана қаласының тұрғыны) Қуанбай Боранбаевтан естіген қуанышты хабардан әлі арыла алар емеспін. Қуанбайдың әкесі, марқұм Қожабай ағамыз білікті ұстаз атанған ұлағатты адам болатын. Сол асыл ұстазымыздың бойындағы сабырлы мінез, салмақты дағды, адамгершілік қасиеттер менің досымның бойына да берік сақталғанын атап кеткен ләзім.
Қуекең бала кезінен бастап қатар-құрбы, жора-жолдастарының арасында өте беделді болды. Бойындағы адами қасиетке қоса тура мінезі, мығым тұлғасы, жүректілігіне қоса қарулы дағдысы кім-кімнің де мысын басып тұратын. Оған қоса студент кезінде спортпен айналысуы өзгелердің алдында мерейін үстем қылатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!