Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауы
Құрметті азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері және сала ардагерлері!
Төтеннен төнген түрлі қауіп пен тосыннан болған табиғи апат кезінде бірінші болып көмекке ұмтылып, тілсіз жауға қарсы тұрып жүрген бейбіт күннің батырлары баршаңызды азаматтық қорғау органдарының 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Құтқарушы мамандығы қарапайым болғанымен қоғам алдында мәртебесі жоғары. Ел игілігі жолында кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, ең басты байлық – адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап қалу, төтенше оқиғаның алдын алу мақсатында аянбай еңбек етіп, қырағылық танытып жүрген батыр азаматтарға халықтың айтар алғысы мен ризашылығы қашанда зор.
Еліміздегі қуатты, мобильді әрі заманауи технологиялармен жабдықталған азаматтық қорғау құрылымдарының тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлық көрсетіп, жоғары жауапкершілікпен қызмет атқарып, міндетін мүлтіксіз орындайтын қызметкерлерінің батылдықтары мен жанқиярлық әрекеттері түрлі табиғи және техногендік сипаттағы апаттардан адам өміріне араша болып келеді. Сіздердің бейбіт күндегі батырлықтарыңыз жас ұрпақты елжандылық пен батылдыққа тәрбиелеп, отансүйгіштік сана қалыптастырып, жауынгерлік рух, патриоттық сезімдерін қалыптастырады.
Қадірлі құтқарушылар!
Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мол жауапкершілікті талап ететін, қиын да абыройлы қызметтеріңізге табыс, өздеріңізге мықты денсаулық, әулеттеріңізге амандық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Татулығы жарасқан бейбіт сүйгіш халқымыз аман, еліміздің тыныштығы мәңгілік болғай!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі
Н.НӘЛІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!