Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құлып пен кілт

10.07.2024, 8:00 184

HALYQLINE.KZ

Баяғыдан құлып пен кілттің дос болғаны бесенеден белгілі ғой бәрімізге. Олардың ренжісіп қалғаны жайлы да аңыз бар екен.

Бірде құлып мен кілт ренжісіп қалыпты. Жақынның өкпесі де қатты болады ғой, (олар бір-бірін іштей кешірген де шығар, бірақ) бір-бірінен кешірім сұрауға арланыпты. «Менсіз сенің тіліңді кім табар екен?!» деп кіжінген кілттің тоң-теріс мінезіне жауап ретінде құлпы-екең: «Мен болмасам, сен кімсің?! Басқа кілт жасалар-ау мен үшін!» деп бәлсініпті. Жұрт құлыпқа қарайды, сап-сау! Кілтті тексереді, түк өзгеріс жоқ! Оларды күте-күте жалыққан жұрт екеуін де алып тастап, орнына жаңасын қойыпты деседі.

Қоқыста жатып, бір-біріне қолы жете алмай өкінген құлып пен кілтті тат басыпты…

Түйін: «Жақсының ашуы жібек орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше».

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: