Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қожа шлюздегі» толымды тірлік

05.04.2023, 8:20 280

HALYQLINE.KZ

Қасиетті Рамазан айында Жанқожа батыр ауылының тұрғындары ұлағатты іс жасады. «Жол жөндеген, өткел салған сауап арқалайды» деген ғибратты сөз баршаға белгілі. Олай болса, бұл қадам сауапты шара екендігі даусыз.

Ауыл маңында «Қожа шлюз» аталатын жер бар. Аталуының өзінен аңғарылып тұрғындай «Қожа шлюз» арқылы ауыл маңындағы шаруа қожалықтарының жеке иелігіндегі жерлерге су жіберіледі. Оған қоса осы бөгетті тұрғындар мотоцикл, тағы да басқа жеңіл көліктерімен әрі-бері өтуі үшін пайдаланып жүрген еді. Кеңес өкіметі кезінде салынған «Қожа шлюз» уақыт ағынымен жарамсыздыққа ұшырап, техникалардың, адамның өтуіне елеулі қиындық туындатқан болатын.

Ауыл тұрғындары бірлесе қимылдап, «Қожа шлюзге» нығайту жұмыстарын жүргізді. Осылайша қасиетті айда баба ауылының азаматтары ауызбіршілік танытты. Ауылдық округ әкімдігі техника бөліп, жұмыстың бітуіне жәрдем жасады. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: