HALYQLINE.KZ Қазақстанның оңтүстігіндегі Ақсу-Жабағылы қорығында қар барысы фототұзақ объективіне түсіп қалды, – деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Telegram-арнасы.
Қызыл кітапқа енген жануардың суреттері теңіз деңгейінен 2900 метр биікте түсірілген.
Ғалымдар әлі күнге дейін қар барысының әлемдік популяциясының нақты санын анықтай алмай отыр. Сондықтан зерттеулер олар тіршілік ететін 100-ден аса аймақта жүргізіліп жатыр. Ведомство мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 120-130 қар барысы мекендейді. Олардың саны азайып барады.
Айта кетейік, бұған дейін қар барыстары Жамбыл облысында суретке түсіп қалған еді. Қар барысы алғаш рет 2019 жылдың соңында видеоға түсірілген. Сол уақытан бері фототұзаққа жабайы жануарлар шамамен 20 рет түсіп қалды.
https://aitube.kz/video?id=04cc01d0-2a63-4bcc-8969-82154ab0aa75
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!