Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

10.12.2025, 10:25 43

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті мәлім етті. Кентауда жаңа туған сәбидің денесі табылған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Полицейлер үй-үйді аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен мүмкін куәгерлерден жауап алып жатыр, сондай-ақ медициналық мекемелерді тексеруде.

«Тергеу аясында барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.

Фото: Түркістан облысы ПД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: