Қызылорда қаласында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде іске асырылып келеді. Осыған орай, қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шара ұйымдастыруда.
Нәтижесінде белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған, ластаған және тыйым салынған тұрмыстық қатты қалдықтарды тастаған орындар анықталып, тәртіпсіздік жасаған тұрғындарға айыппұл салынуда.
Мысалы, 27 қараша күні тұрмыстық қатты қалдықтарды белгіленбеген жерге тастағаны үшін қала тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес айыппұл салынды.
Айта кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша тәртіпсіздік жасалу нәтижесінде:
1-ші рет ескерту н/е 20 АЕК (69 000 теңге) айыппұл салынады;
2-ші рет қайталанса 30 АЕК (103,500 теңге) айыппұл салынады.
Сонымен қатар, осы кодекстің 434-2-бабына сәйкес ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша тәртіпсіздік болса :
1-ші рет 5 АЕК (18 460 теңге) айыппұл салынады;
2-ші рет қайталанса 10 АЕК (36 920 теңге) айыппұл салынады!
Құрметті, облыс тұрғындары!
Өңірдің тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Сіздерді қоршаған ортаға жанашырлық танытуға, қоғамдық орындарда тазалық сақтауға шақырамыз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!