Бұл бақ шіркіннің қайда барып байыз табарын біле алмайсың. Қаласа соқырдың көзіне, пұшықтың мұрнына, ақсақтың аяғына қона салады. Қаламаса тұяқты тұлпарыңа да, қияқты сұңқарыңа да қарамайды. Содан кейде жақсылар қор, жамандар зор шығып жатады. Талантсыздар тасып, таланттылар жасып, әлеуметтік әділет бұзылғандай көрінеді. Топастар топ жарып, ақылдылар ат жалынан ауған қоғамның аяғы қайда апарып соғары айтпасақ та белгілі. Қолдан қоқырайтқан «Қобыландылар» өзгелерді өрге сүйретіп жарыта қоймас. Айтпақшы, ұл-қыздарымызға бата бергенде «Бақ қарап, қыдыр дарысын» деген бабалар сөзін ұмытпайықшы!
Талғат БАТЫРХАН,
«Egemen Qazaqstan» газетінен.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!