Қазіргі таңда Кызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Жалағаш аудандық пробация есебінде 50-ден астам адам есепте тұр. Жуырда тағы екі сотталған пробация есебіне алынды. Олар – қылмыстық теріс қылық жасап жазаға тартылғандар. Ішімдік ішкен екі азаматты полиция қызметкерлері тексеру барысында олардың киімінің қалтасынан өзіндік иісі бар кептірілген есірткі заты табылған. Сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, қос азаматқа 80 сағат қоғамдық жұмыстарды орындау міндеттелген. Қазіргі таңда олар жергілікті атқарушы органдар белгілеген жерде сот жүктеген міндеттерді орындап, қоғамдық жұмыс түріндегі жазасын өтеуде.
– Екі азамат жұмыс істейтін болғандықтан, күніне 4 сағат қоғамдық жұмысын орындап жүр. Күнделікті тексеру жүргіземіз. Есептегі азаматтарға сот жүктеген міндеттерді орындап, қылмыстық құқықбұзушылық жасамай, уақытылы пробация қызметіне тіркеуге келіп, көмек қажет болған жағдайда әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсетеміз, – деді әділет аға лейтенанты Еркін Оразалыұлы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!