Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоғамдық көліктердің саны неге азайды?

26.11.2020, 10:30 735

Көрнекі  сурет

«Қазақстанда екінші толқын әлі басталмапты ғой», «Қашан басталады екен. Тез басталса, тез бітеді екен ғой». Кешкілік жұмыстан қайтардағы мінген автобуста естіген алғашқы әңгімелерім осы болды. Әдеттегідей, автобу­с лық толы. Түрегеп тұрғандар бір-бірімен «құшақтасып» жатқандай. Әлдебір қимыл жасауға мұрша жоқ. Әлгі әңгімелер санаулы орындық бұйыр­ған, жасы келген апалардың сөзі ғой. Өзі кішкене автобуста тығылысып тұрып, «Осынша көп адамды неге сонша тиеп алады екен?» деп ойлайсың. Дегенмен, терезедегі үскірік аяздың ызыңдаған дыбысы естілгеннен-ақ, «оларды далада қалай тастап­ кетесің» деп тағы ойланасың. Соңғы күндері қоғамдық көліктің қарасы­ сиреп кетті. Сағаттап күтіп, лық толы «Газельдер­ге» «секіріп» міну – жергілікті халық үшін үйреншікті жағдай. Адамдардың қоғамдық көліктердегі шоғырлануынан кейін вирус тұрмақ, бар бәленің барлығы жұғады. Ешқайсысы бетперд­е тақпайтыны тағы  бар. Осындай қиын кезеңде қоғамдық көліктің саны  азайғанының  себебі  неде?

«Қазіргі таңда қоғамдық көлік қызметінде 250 көлік жеке тасымалдаушылардан тұрса, автобу­с паркінен 65 көлік шығарылып отыр. Бұл – карантин уақытындағы сандар. Қалыпты­ жағдайда жеке тасымалдаушылардан 350, автобу­с паркінен 85 көлік шығатын болады». Бұл – «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің директоры­ Нұржан Ахатовтың сөзі. Бұл сөздерден біз карантин уақытында қоғамдық көлік саны әдейі азайтылғанын түсінеміз. Халықтың шоғырлануын азайтып, болжамды екінші толқын­ның алдын аламыз деп жүргендегі бұл жағдай логикаға қарсы емес пе? Орыстарда бұндайды «двойной стандарт» дейді. Керісінше, қоғамдық көлік санын көбейтсек, жолаушылар да бөлініп мініп, тиісінше, саны азаяды. Соның арқасында ережеде көрсетілген арақашық­тықты да сақтай аламыз. Әлде автобус салоны толмаса, жолақысынан келетін пайда аз бол­ғанд­ықтан  қолдан  жасалған  дүние  ме?

Карантин басталғалы елімізде адам шоғырлану мүмкіндігі жоғары барлық мекемелер жабылд­ы. Көпшіліктің жиналмауын қатаң қадағалап, шектеулер қойды. Дегенмен, жоғарыда аталған мекемелердің ешбірінде қоғамдық көліктегідей көп адам шоғырланбайтыны барша­мызға белгілі. Жығылған үстіне жұдырық болып, карантин деген желеумен өзі толып жүрген автобустардың санын да азайтып тастады­. Тиісінше, өңірімізде жұқтырғандар саны күрт көбейіп, кейіннен барып сейілді. Күз келісімен-ақ  мамандар  коронавирустың  екін­ші толқынының болатынын айтты. Кей өңір­лерде басталып кеткен көрінеді. Бірінші тол­қында бүтін елді «таңғалдырған» Сыр өңірін­де жағдай әзірге тұрақты. Халықтың шоғыр­лан­бауын қадағалап, түрлі рейдтерге де шығып жүр. Дұрыс-ақ. Дегенмен, бәле көзіміз­дің астын­да жатқан болса, жағдай қалай өрбі­мек? Жауапты адамдар болжамды екінші толқын­ «жоспарлан­ған» уақытына дөп келуі үшін жұмыс істеп жатқан секілді көрінеді. Бұл сұрақты кез келген салағ­а бұрмалап алуға болатын­ еді. Алайда арасындағы ең өзектісі қоғамдық  көлік  болып  тұр.

«Ақылды» елдер тіпті, бірінші толқынның уақытында да қоғамдық көлік санын азайтқан жоқ. Еуропадағы  коронавируспен  сәтті  күрескен  елдердің  бірі Германия десек те  болады. 22 наурыздағы қатаң карантин уақытында да Берлинде метроның барлық  жолы  жұмыс істеп­ тұрды деуге толық негіз бар. Сонымен қатар, қалалық электричкалар, трамвай, қала аумағында тасымалдайтын автобус қызметтері үзбей жұмыс істеді. Бірақ, ереже қатаң. Көлік салонындағы адам саны ережеде бекітілген саннан­ асып кетпеуі керек. Көптеген тұрғындар­ онлайн режимде жұмыс істегенмен қоғамдық көлік саны азаймағанның арқасында бұл ережеле­рді сақтау оңай болды. Тиісінше, Германияның қоғамдық көліктері қауіпсіз болып танылып, халқы еркін пайдаланды. Арыға кетпей­, Қытай елінің тәжірибесіне де назар аударсақ. Вирустың бастау алғаны осы «аспан асты елі» бол­ғанымен, ең бірінші карантинді жеңілдетіп, вирус­пен сәті күрескен де – осы ел. Белгісіз ауру жаппай тараған уақытта Қытай елі 23 қаңтардан бастап қоғамдық көлікті толықтай тоқтатып тастады. Онымен қатынау мүм­кіндігі  мүлдем болмады. Вирусты жұқтырғандар санының азайғанынан кейін 8 сәуірден бастап­ карантин жеңілдене бастады. Тиісінше, қоғамдық көліктің барлық түрі өз жұмысын бастады­. Дегенм­ен, мұндағы жағдай біздегідей емес. Қоғамдық көлік қызметкерлерінің барлығ­ы бетперде және арнайы қорғаныс қолғабы­мен жабдықталған. Күн сайын жұмыс алдында қызметкерлердің дене қызуын тексеріп отыр. Сонымен қатар, әр рейстен кейін дезинфекцияланып тұрды. Қоғамдық көліктерге толық сыйымдылықтың жартысын ғана тол­тыру міндеттелді. Арнайы камералармен бұл тапсырманың орындалу барысы тексерілді. Одан қалды, кез келген қоғамдық көлік, тіпті, такси қызметтерінің өзінде арнайы QR-код арқыл­ы жолаушының соңғы уақытта корона­вирус жұқтырған адаммен қатынаста болған-болмағанын анықтауға мүмкіндік туды. Осылайша, жемісті тәсілмен жеңіске жетіп жүрген елдердің тәжірибесін қолданғанымыз жөн болар?­  Біздегі Кеңес үкіметінен қалған елдердің бауырластығы ма әлде, «тың» ойлар тек осы аумақтағы ел басшыларын қамтитыны ма білмедім, бірақ, осы елдер бір-бірінің жасаған қателігін қайталауға асық. Қоғамдық көліктің санын азайту бұндай қиын жағдайды ойға келетін  ең нашар шешім десек қателеспейміз. Оны бізге Украина дәлелдеп берді. Адамның шоғырлан­уынан қорғанамыз деп Киевтегі жергілікті  метроларды жауып  тастаған­ болатын. Нәтижесінде, кәдімгі автобус жүретін аялдама­ларда халық саны күрт көбейіп, жағ­дайды ушықтырып алды. Соңында амалдың жоқтығынан қоғамдық көлік қызметінен толық бас  тартты.

Бізде де жағдай сәл қиындау. Жауаптылар дезинфекцияны әр рейс сайын жасамақ түгілі, өткен қыстан қалып кеткен шаңды сүртуге шамас­ы жоқ. Шынында, қаламыздағы қо­ғамдық көліктің тазалығы сын көтермейді. Оның үстіне автобустар санын азайту халыққа қолайсыз. Осы  жылы қыстың ызғары ерте келді. Үскірік желден бүріскен адамдардың қатынайтын  жалғыз  құралы – қоғамдық  көлік. Сыйымдылығы аз ғана адамды құрайтын «Газельдер­дің»  ішінде қала халқының «жар­тысы­» тұратынына көзіміз үйреніп кеткен. Коронавирус­тың екінші толқыны болжам ба, әлде жоспар ма түсініксіз? Дегенмен, әлі де кеш емес. Автобус паркінің құрамындағы барлық автобуста­рды халық  игілігіне  берсе, жолау­шылар  да бөлініп мініп, мұндай  шоғырлану  болмас  еді.

Бекзат  АМАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: