Қаланың қалыпты қозғалысы мен тұрғындардың қауіпсіз қатынауы қоғамдық көлік саласында еңбек ететін мамандардың кәсібилігіне байланысты. Таңмен таласа басталып, түнге дейін жалғасатын қарбалас тірлік расында да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-ның жүргізушісі Азамат Сисенов БАҚ өкілдеріне өз қызметінің ерекшелігі жайында айтты.
— Мен «Қызылорда автобус паркінде» автобус жүргізушісі болып еңбек етемін. Жалпы еңбек өтілім 8 жылды құрайды. Біздің жұмысымыз таңғы 6:00-де басталып, кешкі 22:30-да аяқталады. Жұмысқа шығар алдында және рейс аяқталған соң міндетті түрде медициналық тексерістен өтеміз. Күніне шамамен 800-900 жолаушыны тасымалдаймын. Қазіргі уақытта қала тұрғындарына 285 автобус қызмет көрсетеді. Автобус жүргізушісі болу үшкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, әрбір жолаушының қауіпсіздігі мен діттеген жеріне аман-есен жетуі сол жүргізушінің кәсібилігіне тікелей байланысты, — деді Азамат Сисенов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!