Кеше қалалық Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде қаралған мәселе «Жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» және «Жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы №164-26/11 шешімінің күшін жою туралы» болды.
Аталған мәселеге байланысты қалалық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысы М.Әжібековтың баяндамасы талқыланып, қоғамдық кеңес тарапынан берілген сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Жиынға кеңес төрағасы Серік Дүйсенбаев төрағалық етті. Отырыс «Facebook» платформасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!