Арал қаласындағы Руханият орталығында қоғам қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, балық шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қызметкері, республикалық «Жалаңтөс Баһадүр» қорының президенті, Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарының Құрметті азаматы Нәжмадин Мұсабаевтың 75 жасқа толу мерейтойына орай «Тектілік туын түсірмеген тұлға» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді.
Тағылымды шараға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев арнайы қатысып, жиналған зиялы қауым өкілдерімен бірге жаңа кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатысты.
Кеште аудан басшысы арнайы сөз сөйлеп, қоғам қайраткері, Арал ауданының Құрметті азаматы Нәжмадин Мұсабаевты 75 жылдық мерейлі жасымен құттықтап, мерейтой қарсаңында жарық көрген туындыны ерекше бағалап, өзінің лебізін білдіріп, ауданның жоғары марапаты – «Құрмет» грамотасын табыстап, ерекше құрмет көрсетті.
Мұнан соң ел азаматы Нәжмадин Түрікбенұлымен сыйлас, қызметтес болған замандас аға-бауырлары аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Әйімбетов пен білім саласының ардагері, бірнеше шақырылған Арал аудандық мәслихатының хатшысы болып қызмет атқарған Ә.Әуезов өткен жылдардың естеліктерімен бөлісіп, жарық көрген кітап жайында және кеш иесінің мерейтойына арнап ыстық ықыластарын жеткізді.
Көпшілікке ерекше әсер сыйлаған рухани кеш барысында кітап авторларының бірі Нұрназар Түрікбен жұртшылыққа жаңа кітаптың жалпы мазмұнын таныстырып, бөлімдеріне қысқаша тоқталып өтті.
Салтанатты шарада зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен танымдық дүние саналатын жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, оқырманға жол тартты.
Кеш қорытындысын мерейтой иесі Нәжмадин Мұсабаев түйіндеп, жаңа туынды жайында өзіндік ой-пікірін білдіріп, жұртшылыққа өз ризашылығын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!