Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚМДБ төрағасы қызылордалық жамағатпен жүздесті

21.11.2025, 15:40 87

HALYQLINE.KZ

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде бесін уағызын айтты, деп хабарлайды аталған мешіттің баспасөз қызметі.

«Қызылорда – тек жері құнарлы өңір ғана емес, рухани өмірі бай, жүрегі кең халықтың мекені. Бұл аймақ ғасырлар бойы қазақтың рухани дүниесін қалыптастырған қаншама тұлғаны дүниеге әкелді. Алаштың алыптары да, елін ұйыстырған билер де, жүректерге иман нұрын сепкен ишандар мен ахундар да осы қасиетті Сыр топырағынан шықты. Мұндай өңірге руханият туралы сөз айтылса, оның жүрекке жетпей қалуы мүмкін емес. Бұл – ихсанның дәл өзі. Өйткені ихсан дегеніміз – көркем мінезбен, ізгі амалмен Алланың разылығын іздеу. Біз ата-бабамыздан қалған осы рухани байлықты жалғастыруға міндеттіміз», — деді Бас мүфти.

Уағыздан кейін ҚМДБ төрағасы Сыр жамағатымен бірге бесін намазын оқып, еліміз бен жеріміздің тыныштығы үшін дұға жасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: