HALYQLINE.KZ ЗК-169/5 мекемесінің қадр саясаты тобының инспекторы, әділет аға лейтенанты Салтанат Мұратова мен ҚАЖ департаментінің тіл маманы Дана Достанова «Qyzylorda» телеарнасының «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойындар бағдарламасына қатысып, бақ сынады. Телесайыс 4 кезеңде өтті. Сайыс барысында қазақтың салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдер, сонымен қатар, көнерген сөздер туралы қойылған сұрақтарға баса шапшаңдықпен жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Бірінші кезең мақал-мәтелдердің жалғасын табу кезеңінде жылдам жауап беріп, ұшқырлықтарын көрсетті.
Екінші кезеңде де қазақтың салт-дәстүрлерінен берілген 10 сауалға мүдірмей жауап беріп, мұғалімдерден құралған «Ұлағат» тобын баса озып, ұпай санымен алға шықты. Үшінші, төртінші кезеңде көнерген сөздердің мағынасын ашу, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып, сөйлем құрау болатын. Бұл кезеңде де сұрақтарға шапшаңдықпен жауап беріп, сайыс қорытындысымен ҚАЖ қызметкерлері жеңімпаз атанып, арнайы сертификаттармен марапатталды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!