Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚАЖ департаментінің қызметкерлері «Рәміздер» алаңындағы жиынға қатысты

26.10.2023, 15:40 253

Қызылордада «Рәміздер» алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Іс-шара барысында алдымен Әнұран шырқалып, Көк байрақ желбіреді. Салтанатты жиынға Қызылорда  облысының әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы, ел ағалары, ІІО-ның біршама қызметкері мен жастар, қала тұрғындары қатысты.

Қызылордадағы  ту тұғырдың биіктігі 62,5 метрді құрайды. Байрақтың ені 12 метр болса, ұзындығы  – 24 метр.

Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама ұсынылып, отаншылдықты дәріптейтін әндер шырқалды. Іс-шара «Көк тудың желбірегені»  әнімен түйінделіп, ҚАЖ департаментіне қарасты №60, №68, №37 мекемелерінің жеке құрам қызметкері мен ІІО-ның басқа да қызметкерлері бір-бірін мерекемен құттықтады.Былтырдан бастап Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Бұл – тәуелсіз еліміз үшін маңызды шешімдердің бірі. Республика күні – қазақ халқының мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы.

Республика күні – халықтың рухын көтеруге, мемлекеттілікті нығайтуға, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға арналған жарқын мереке.

Мөлдір Жолдасбекқызы,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: