Әлеуметтік желіде қаздан қашып, 200 миллионнан астам қаралым жинаған ақтөбелік үш жастағы Керей Махамбетұлына ерекше сый тарту етілді, деп жазады orda.kz.
Әлеуметтік желінің кішкентай жұлдызына «Ауыл» партиясының жергілікті филиалы 100 қазды сыйға берді. Сонымен қатар, Керейдің әкесі Ермеков Махамбет Русланұлы белсенді ретінде партия қатарына қосылды.
Керейдің бейнежазбасын танымал америкалық рэпер Snoop Dogg та өз парақшасында жариялаған еді.
Керей Ақтөбе қаласының Күншуақ шағын ауданында тұрады. Оның әкесі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Махамбет Русланұлы жарнамаға түсуге ұсыныстар түскенін айтты. Сондай-ақ, бейнежазбадағы шелекті танымал еткен кәсіпорын сый ұсынған. Киім бутиктерінің бірі Керейге «Қаздан қашқан бала» деген жазуы бар жейде тігіп беріпті.
Фото: видеодан скрин
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!