Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Жалағаш

15.03.2023, 14:02 293

HALYQLINE.KZ Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Жалағаш ауданында бүгін тағы бір аймақ кент орталығын дүбірлі думанға толтырды.

Таң, Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет үйлері мен Ақсу ауылдық клубы дайындаған «Өңір салу» салты сахналанды.

Өңір салу – жас шаңыраққа құрмет және жәрдем десе де болады. Мұны соңғы кездерде үлкен адамдардың өзі естен шығарып алды.

Өңір салу – келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір – киім, бұйым деп ең құрығанда терме бау немесе жас төсекті басқалар басынбасын деп бүркіт тұяғы, үкі, сырмақ, ожау, қазан, бақыр, қасық, саба, арқан-жіп әкеліп, отауды көріктеп өз қолдарымен тағады. Бұлардың бәрі – отау үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер.

Келін түскен үй өңір сала келгендерге ақсарыбас қойын сойып, асты-үстіне түсіп күтіп, дән риза етіп қайтарады.

Табиғатпен жұптасқан Көктемдей жас шаңырақты Жалағаш жұрты өңір салып қарсы алуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: