HALYQLINE.KZ
2021 жылдың I тоқсанында Қазақстаннан 5519 адам кетіп, елге 2066 адам келді, – деп жазады LS ақпараттық агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елден кеткендер саны 2020 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 24,9%-ға, келгендердің саны екі еседен астам азайды.
Елдер бойынша
5519 адамның 4413-і – Ресейге, 745-і – Германияға, 70-і – Израильге, 41-і – Польшаға, 36-сы – Өзбекстанға, 34-і – Беларуське, 32-сі – АҚШ-қа, 23-і – Қырғызстанға, 14-і – Украинаға, 12-сі Канадаға көшкен.
Қазақстанға қоныс аударған 2066 адамның 851-і Ресейден келген. Өзбекстаннан – 518, Қырғызстаннан – 125, Әзірбайжаннан – 87, Қытайдан – 68, Түркиядан – 62, Ауғанстаннан – 57, Тәжікстаннан – 48, Германиядан – 42, Түркіменстаннан – 38, АҚШ-тан – 21, Украинадан – 20.
Білім деңгейі бойынша
Қазақстаннан кеткен 1540 адамның жоғары білімі бар. Бұл 15 жастан асқан мигранттардың жалпы санының 36,9% құрайды. Кәсіптік орта – 1351 (32,3%), жалпы орта – 865 (20,7%), негізгі орта – 423 (10,1%).
Ал елге келгендер арасында 499 адам (26,8%) жоғары білім алса, 620 адам (33,3%) орта кәсіптік білім алса, 441 адам (23,7%) жалпы орта білім алса, 302 адам (16,2%) негізгі орта білім алды.
Мамандықтар бойынша
2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстаннан техникалық мамандығы бар 933 адам, экономикалық – 466 адам, педагогикалық – 249 адам, медициналық – 186 адам, заңгерлік – 113 адам, сәулет-құрылыс саласы бойынша – 80 адам, ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша – 43 адам, ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша 821 адам кетіп қалған. Сонымен бірге, техникалық мамандығы бар 224 мигрант елдегі адам санын толықтырды. Экономикалық мамандығы бар – 126, педагогикалық – 70, медициналық – 62, заңгерлік – 48, ауылшаруашылық – 27, сәулет-құрылыс – 24, басқа мамандықтар – 537.
Өңірлер бойынша
Қазақстандықтар басқа елдерге тұрақты тұру үшін Қостанай облысынан – 736, Қарағанды облысынан – 709, ШҚО-дан – 659, Павлодар облысынан – 600, Алматыдан – 546, Ақтөбе облысынан – 447 және СҚО-дан – 376 көшіп кетті. Ал Қазақстанда жаңа тұрғындармен Алматы – 394, Маңғыстау облысы – 377, Шымкент және Қостанай облысы – 160, Нұр-Сұлтан – 127, СҚО – 122, Павлодар облысы – 107, ШҚО – 106 және Түркістан облысы 103-ке толықты.
Ұлт бойынша
I тоқсанда Қазақстаннан 3648 орыс, 602 неміс, 450 украин, 261 қазақ, 159 татар, 77 белорус, 50 поляк, 36 корей, 31 өзбек, 24 әзірбайжан кетіп қалған. Бұл ретте елімізге 666 қазақ, 615 орыс, 102 әзірбайжан, 100 өзбек, 63 украин, 61 түрік, 58 қырғыз, 51 неміс, 45 тәжік, 43 татар, 38 қарақалпақ, 34 ауған, 31 кәріс, және Үндістан мен Пәкістаннан 16 адам көшіп келген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!