Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық жауынгерлердің дерегін жүйелі іздеу жұмыстары жалғасуда

25.09.2024, 9:32 144

Соғыс кезінде Нидерландыда қаза тапқан қазақстандықтардың ұрпақтарын іздестіру Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлердің дерегін (олардың жалпы саны 271 мыңнан астам) жүйелі іздеу жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасуда. «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымы осы игі іспен бес жылдан бері айналысып келеді. Аталған кезеңде оның ресми сайтына майдангер ұрпақтарынан 9 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Барлығы 4000-ға жуық қазақстандық жауынгердің жерленген орындары мен жеке басы анықталып, 19 отандасымыздың сүйегі туған жеріне әкелініп, әскери құрметпен жерленді. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 50-ден астам келісімге қол қойылды. Оның ішінде Нидерланды Корольдігінің «Советтік Даңқ алаңы» қоры да бар. Аталмыш қордың директоры Ремко Рейдингтің айтуынша, Голландиядағы «Амерсфорт» концлагеріндегі әскери тұтқындар арасында қазақтар да болған көрінеді.

Ол кейін өз болжамын дәлелдеді де. «Atamnyn Amanaty» іздестіру тобының көмегімен голландықтар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде сол лагерьде қаза тапқан жауынгердің ұрпақтарын – Алматыда тұратын Баратовтар отбасын іздеп тапты. Жақында қор өкілдері Голландияда жерленген тағы тоғыз қазақстандықтың тізімін бізге табыс етті.

Отандастарымыздың аты-жөндері мен басқа да деректерін жариялау арқылы олардың тікелей ұрпақтары немесе жақын туыстары табылар деген үміттеміз:

1. Ахметов Сәдуақас, 1916 жылы туған, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңа Арқа ауылы. ҚазКСР.

2. Белоусов Иван, 1911/1912 ж.т., ҚазКСР.

3. Боярский Михаил Петрович, 1890/97 жылы туған, Яблоновка ауылы (Макинка ауылы) немесе Зауралький ауыл советі, Еңбекшілдер ауданы, Ақмола облысы, ҚазКСР.

4. Буторин Константин Григорьевич, 1909 ж.т., Урыл/Катонқарағай, Катонқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан обл. ҚазКСР.

5. Выходцев Федор Алексеевич, 1911/1912 ж.т., Малонарымка ауылы/Свинчатка ауылы, Ақмола облысы, Семенов ауданы. ҚазКСР.

6. Деревянко Трофим Павлович, 1906 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер ауданы, Ленгер-Уголь. ҚазКСР.

7. Тостанов Сұрғай, 1897/1902 ж.т., «Ақтас» колхозы, Жамбыл облысы, Красногор ауданы, ҚазКСР.

8. Тягиев А.З, туған жылы белгісіз, ҚазКСР.

9. Тұрамбаев Әділхан, 1917 жылы туған, Ақшығанақ ауылы, Ақмола облысы Рузаев ауданы, Жаңа-ауыл советі, ҚазКСР. Байланыс телефондары: 8 776 828 45 35; 8 776 828 45 34.

«Atamnyn Amanaty» ҚБ баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: