Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігінен енді чип алынатынын хабарлады.
Әкімшілік полиция комитеті төрағасы орынбасары Әлібек Кеңесбаевтың айтуынша, чиптің қажеті жоқ, өйткені барлық деректерді жол полициясы онлайн түрде мемлекеттік базадан көре алады.
Негізгі өзгерістер:
•Куәліктегі чип енді болмайды;
• Құжаттың бағасы өзгермейді, себебі мемлекеттік баж мөлшері заңмен бекітілген;
• Жүргізуші куәлігін өзімен алып жүру міндеті алынып тасталады;
• Бұрын берілген куәліктер мерзімі біткенше жарамды болады;
• Енді құжатта донор болу туралы белгі де көрсетілмейді.
Бұл жаңалық жүргізушілердің өмірін жеңілдетіп, құжат айналымын цифрландыру бағытындағы тағы бір қадам болмақ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!