Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда жасанды интеллект әсерінен 1 миллионнан астам адам жұмыссыз қалуы ықтимал

18.09.2025, 17:00 171

Қазақстанда жасанды интеллекттің еңбек нарығына әсері зерттелді. Сарапшылар 1 миллионнан астам жұмыс орнын жасанды интеллект алмастыруы мүмкін екенін болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне HALYQLINE.KZ ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл туралы мәжіліс отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин айтты. Оның сөзінше, әлемде автоматтандыру мен жасанды интеллектті енгізу еңбек нарығына үлкен ықпал етіп жатыр.

Министрлік 423 мамандық тобын зерттеп, солардың 25%-ы, яғни шамамен 2,2 миллион жұмыс орны, автоматтандыруға бейім екенін анықтаған. Бұл деген аталған жұмыс орындарын болашақта жасанды интеллект алмастыруы мүмкін.

«Оның ішінде 1 миллионнан астам жұмыс орнын генеративті жасанды интеллект алмастыра алады. Ең үлкен қауіп – Алматы, Астана және Шымкент қалаларында. Бұл қалаларда әр үшінші жұмыс орны автоматтануы мүмкін», – деді Олжас Анафин. 

Алайда вице-министрдің айтуынша, жасанды интеллект жұмысшыларды жаппай ығыстырады деуге әлі ерте. Себебі Қазақстанда еңбек күші арзан. Сондықтан автоматтандыру біртіндеп, яғни компаниялар үшін нақты экономикалық тиімділік пайда болғанда ғана жүре бастайды. 

Сондай-ақ, Олжас Анафин ЖИ-мен байланысты бірқатар: құқықтық реттеу әлсіз, модельдердің қауіпсіздігі мен ашықтығына қатысты стандарттар жоқ, жасанды интеллект жүйелері әлі сертификатталмаған деген өзекті мәселелерді атап өтті.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: