HALYQLINE.KZ Синоптиктер 22-24 қазан күндері ауа райы қандай болатынын айтты. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашын жауып, арты қарға ұласады.
«Қазақстан аумағына Скандинавия аймақтарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі. Онымен бірге жауын-шашын келеді, жаңбыр қарға ұласады. Әсіресе, бұл оңтүстік-шығыста және шығыста қатты білінеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады. Шығыста, таулы және тау бөктеріндегі облыстарда аптаның аяғында бұрқасын болады. Түнде термометр елдің солтүстігінде және орталығында 5-13 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда кей жерлерде минус 3 градус аязға дейін төмендейді», – деді синоптиктер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!