HALYQLINE.KZ Коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігеріне карантинді күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынды.
Үнді штаммының анықталуына байланысты ВАК мынадай шаралар қабылдауды ұсынды:
– Вакцина алмаған қызмет көрсету саласы мен ірі ұжым қызметкерлеріне жұмысқа кіруге шектеу енгізу;
– Екпе алудан бас тартқан қызметкерлер үшін міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу;
– Ashyq жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түліктік емес базарларды қосу;
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында сауда орталықтары, ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану орындары сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді.
Ашық ауада өткізілетін бұқаралық шараларға 100 адамнан артық қатысуға тыйым салынады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!