HALYQLINE.KZ Министрлер кабинетінің онлайн-отырысында премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қазақстанда карантинді күшейту мәселесі қаралатынын жеткізді.
Ералы Тоғжанов қазіргі уақытта еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенінін мәлім етті. Алайда оның сөзінше, шекаралас елдерде коронавирустың жаңа штаммы жылдам таралып жатыр екен.
«Біз дүниежүзіндегі және көршілес елдердегі жағдайдың қандай екенін бақылап отырмыз. КВИ-дың жаңа штамдары тез таралады. Нұр-Сұлтан қаласында скрининг жүргізіліп, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұнда «үнді штаммы» бар екенін жеткізді», – деді үкімет басшысының орынбасары.
Ералы Тоғжанов осыған байланысты барлық өңірлерде мониторингтік топтардың жұмысын күшейту керек екенін атап өтті.
«Қоғамдық орындарға келген қазақстандықтар қорғаныс шараларын қатаң сақтауы тиіс. Сонымен қатар, өңірлердің әкімдері, барлық мемлекеттік органдар жағдайды бақылауы керек», – деді премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.
Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы коронавирус бойынша 21 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты ресми мәліметтерді ұсынды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде өткен тәулікте 943 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды. Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны 410523 адамды құрап отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!