Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда дизель отынының тапшылығы 700 мың тоннаға дейін жетіп отыр

11.02.2026, 13:50 31

Елімізде дизель отынының тапшылығын жою үшін қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарының қуатын арттыру және төртінші мұнай өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр. Аталған жаңа зауыт Ұлытау облысында бой көтеруі мүмкін.

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда дизель отыны нарығындағы тапшылықтың басты себебі – Қазақстандағы бағаның көршілес елдермен салыстырғанда төмен болуы.

– Дизель отынының тапшылығы жұмыс істеп тұрған зауыттардың қуатын арттыру және төртінші мұнай өңдеу зауытын салу есебінен шешіледі. Дегенмен, қазіргі дизель отыны тапшылығының негізгі себебі – бағасының көршілес елдермен салыстырғанда төмендігі. Кеден одағына байланысты көрші мемлекеттерден автокөліктер келіп, жанар-жағармай бекеттерінен дизель отынын құйып әкетіп жатыр. Сондықтан қазіргі ең бірінші бағыт – дизель отыны өндірісін арттыру. 1932 жылға дейін үш зауытымыз жаңғыртудан өтіп, жаңа зауыт салынғаннан кейін мәселе толық шешіледі, – деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Сонымен қатар оның мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда 650–700 мың тонна көлемінде дизель отыны тапшы.

Аталған көлемді жабу үшін дизель отынының бір бөлігі көрші мемлекеттерден импортталатын болады.

Мамандардың айтуынша, жоспарланған жаңғырту жұмыстары мен жаңа зауыттың салынуы елдің жанар-жағармай нарығындағы тәуелділігін азайтып, ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: