Бұл сөзімізді растайтын ресми дерек көп. Дегенмен, жаға ұстататын жағдай туралы статистиканы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметтерінен алдық. Көрсеткіштерге сүйенсек, елде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар әлі де жоғары деңгейде.
Ресми деректер бойынша, 2024 жылы республика бойынша 309 қылмыс тіркелген, ал 2025 жылдың алғашқы алты айында-ақ 145 дерек анықталған. Бұл жарты жылдың өзінде өткен жылдағы көрсеткіштің жартысына жуығы тіркелгенін көрсетеді.
Аймақтар бойынша ең жоғары көрсеткіштер Алматы, Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарында байқалады. Кей өңірлерде цифр төмен көрінгенімен, 100 мың балаға шаққандағы коэффициенттер республикалық орташа деңгейден асып түсіп отыр. Ал бірқатар облыс пен ірі қалаларда көрсеткіштің төмен болуы мәселенің шешілгенін білдірмесе керек. Сарапшылар мұны жасырын қылмыстар мен анықтау деңгейінің жеткіліксіздігімен байланыстырады. Демек, статистиканың тастасында қалған талай тағдыр бар.
Расталған статистика жыныстық қылмыстардың жекелеген емес, жүйелі әлеуметтік проблемаға айналып отырғанын аңғартады. Төменде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметтері негізінде дайындаған кестеге көз жүгіртіп көріңіз.
Кестені жасаған автор.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!