Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы қаулыға қол қойды. Қаулы Ақорда сайтында жарияланды.
Қаулыда Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылатыны айтылады.
Сондай-ақ Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, атауы Алатау қаласы болып өзгертілді.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген қаулыда.
Айта кетейік, Жетіген Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл болған.
Дереккөз: Nur.kz
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!