Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда «Әскери баспана» ипотекасы қайта жанданады

20.10.2025, 14:40 149

Фото ашық дереккөзден

Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін талқылады.

Кездесуде «Әскери баспана» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасын қайта іске қосу бастамасы көтерілді. Министр бастапқы жарнаны азайту және пайыздық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Қазір әскери қызметшілер үшін жеңілдетілген несиеге нақты қолжетімділік жоқ. Тұрғын үй бағасының өсуі бастапқы жарна жинауды қиындатып отыр», – деді Қосанов.

Қорғаныс министрі жеке құрамның әлеуметтік жағдайы басты назарда екенін атап өтті және «Отбасы банк» мобильді қосымшасының жұмысын қалпына келтіруде көрсеткен қолдауы үшін Ляззат Ибрагимоваға алғыс айтты.

Министр сондай-ақ «Баспана.кз» сайтындағы жаңа талаптарға назар аударып, әскери қызметшілерге жалдамалы тұрғын үй рәсімдеуді жеңілдету қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, ол екінші деңгейлі нарықтан пәтер сатып алу мүмкіндігін қайтаруды ұсынды — себебі көптеген әскери қызметшілер дайын инфрақұрылымы бар, қызмет орнына жақын баспаналарды қалайды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрғын үй мәселесін бірлесе шешуге және бағдарламаны қайта іске қосуға дайын екенін растады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: