Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда 6,2 млн адам банкке қарыз

11.05.2022, 15:30 433

600

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстанда 1,5 млн-ға жуық қарыз алушының мәселелі несиесі барын мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz  ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Парламент Мәжілілісінде М.Әбілқасымова тілшілер сауалына «Банктерде жеке тұлғаларға қатысты 6,2 млн адамның несиесі бар», – деп тоқталды. Ізінше, соңғы жылдары проблемалы қарыз алушыларды анықтау бойынша жұмыстар арқарылғанын мәлімдеді.

«Банктің теңгерімінде тұрған проблемалы қарыз алушылар бар, сонымен қатар баланстан тыс осындай қарыздар тіркелген. Біз тиісті есептеулер жүргізіп, осындай проблемалы қарыз алушыларды жалпы санын анықтадық. Егер барша банк пен микроқаржы ұйымын, сондай-ақ банктердің коллекторларға сатқан қарыздарын қамтысақ, онда 1,5 млн-ға жуық қарыз алушының проблемалы несиесі бар», – деді М.Әбілқасымова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: